Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

54301.09.2020 ж. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 30-тамыз – Ата заңның қабылданған күніне және 1-қыркүйек - Білім күніне орай «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында пандемиялық кезеңді ескере отырып, онлайн режимде ZOOM платформасымен салтанатты жиын және бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты өтілді.

Онлайн форматында өткен салтанатты жиында институт ректоры, т.ғ.к. А.Т.Шегенбаев барша ұстаздар қауымы мен білім алушыларды, олардың ата-аналарын атаулы мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 2020-2021 оқу жылының ерекшеліктері мен оқу процесіндегі жаңалықтарымен оқу ісі жөніндегі проректор, э.ғ.к. А.Б.Әлібекова таныстырды. Сонымен қатар, институтымыздың 2020 жылғы үздік түлегі «Жастар ісі жөніндегі» комитетті басқарған А.Серікқызы 1-курс студенттеріне құттықтау лебізін білдіріп, мақсатқа жету жолында айқын бастамалардың көшбасшысы болуға шақырды. Институт өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.

Адалдық сағаты бойынша онлайн-дәрісті аға оқытушы Г.Жаркенова ұйымдастырды. Жастар арасында адалдық, парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған дәстүрлі шара биыл, онлайн форматта болды. Дәріс тақырыбы Ұлы ойшылдың 175-жылыдығына орай  «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай»- деп аталды. Аталған акция аясында институттың 1-курс студенттері толық қамтылды.

 

544

545