266

2019 жылдың 7 наурызы күні «Ақмешіт» институты жыл сайынғы дәстүр бойынша әйелдер мерекесін сән-салтанатпен қарсы алды. Әдемі безендірілген сахнада оқу ордамыздың оқытушылары мен өнерпаз жастары ән мен күйден шашу шашты.

 

Білім ордамыздың ректоры А.Т.Шегенбаев білім мен ғылымды өркендету жолында аянбай еңбек етіп жүрген әйел ұстаздар мен қызметкерлерге жүрекжарды ақ тілегін білдіріп, бірқатар ұстаздар мен қызметкерлерге ақшалай сыйақы берді. Сондай-ақ, институт ұжымының ер азаматтары арнайы қойылым қойып, ару ұстаздарды өнерлерімен таң қалдырды.

 

Осындай тамаша кештің куәсі болған – әйелдер қауымы мерекелік жиынға да, оны дайындаған ер-азаматтарға дән риза болды.

 

267