Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Как правильно варикоз лечить

2472019 жылдың 22-ақпан күні облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жылдығына арналған «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілер конкурсы өтті. Талантты жастар тартылған бұл додаға «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының «Экономика» мамандығы бойынша білім алушысы А.Тұрсынбай да қатысып, оқу орнының туын тағы да биікке шығарып, желбіретті.

Ақын апамыздың өлең топтамаларынан үзінді оқып, «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Бекенованың жетекшілігімен Жастар жылына арналған жаңа сценарий дайындап, топтан оза білді. Байқауға қатысушылардың өнерін кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы сараптап, нәтижесінде А.Тұрсынбай Жастар жылының арнайы номинациясымен марапатталды.

248