^Жоғары

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

konstitusion27.08.2020 ж. «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының кітапханасы 30-тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң - бейбітшілік пен келісім негізі!» атты тақырыптық көрме ұйымдастырды.

Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақтың ата заңдары» тақырыбындағы құжаттар, деректер, зерттеулер,«Жеті Жарғы», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен тәуелсіздік нышандары», «Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері», «Адам құқықтары және оларды қорғаудың тетіктері», «Құқық негіздері», «Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері:Конституциялық - құқықтық аспектілері» т.б. заң саласы қызметкерлеріне арналған және де мерзімді баспасөз басылымдары қойылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан халқы үшін ең ұлық мереке. 1995 жылдың 30 тамызы - Тәуелсіз еліміздің өркендеуі мен өрлеуінің негізі, мемлекеттігіміздің маңызды нышаны – Ата Заң қабылданған қасиетті күн.

Бұл күн –жүрегі Қазақстаным деп соққан әрбір азаматтың қастерлі мерекесі. Өйткені Қазақстан халқының қалауымен өмірге келген Ата Заң – тәуелсіздікпен егіз ұғым.  Жаңа   Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 25 жыл толып отыр.

25 жыл ішінде біздің Ата Заңымыз тәуелсіз еліміздің тез есейіп, өз жолы бар берекелі Ел дәрежесіне дейін жедел жетілуіне жағдай жасалды. Өзара татулық, ынтымақ пен бірліктің арқасында орасан зор табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдері арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне Конституция жасаған ықпал өте зор.

Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

Бас құжатымыз Ата Заңға лайықты құрмет көрсету арқылы Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелей білу – бізге парыз. Ата Заң күнін атаудың негізгі ғибраты да осы болса керек.

Ендеше әрбір азамат бейбіт елдің алтын арқауы - Ата Заңымыздың талаптарын бұлжытпай орындаса, алар асуымыз әркезде биік, Мәңгілік Елдің тұғыры бекем, шаңырағы берекелі болары сөзсіз.

 

Хабарландыру

kollege1

 

kitap

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

korruptia

 

logo

 

platonus 

016

 

01111123

 

«АҚМЕШІТ» ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

2018 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА «АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІНЕН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ.

Акмешит

 Акмешит-1 

Акмешит-2 

Акмешит-3

 Акмешит-4 

Акмешит-5 

Акмешит-6 

Акмешит-7 

 

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz